25 қыркүйекте музейдің көрме залында Ұлттық отбасы күніне арналған «Менің отбасым – менің мақтанышым» атты музей сабағы өтті. Оған С.Қожамқұлов атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары шақырылды. Сабақ барысында балалар «отбасы» ұғымын, оның адам өміріндегі рөлі мен маңызын білді, отбасы туралы мақал-мәтелдер құрастырды, сөзжұмбақ шешті, отбасылық жағдаяттарды зерттеді. Балалар белсенді және позитивті болды.







