Музейдің экспозициялық залында М. Горький атындағы мектептің 9 Г сынып оқушыларын шақыра отырып, Музей қызметкерлері мәдени құндылықтарды, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға бағытталған іс-шара өткізді. Ұрпақтар кездесуі – "Дін-бейбітшілік бастауы". Ересек ұрпақ өкілдері Гавриленко Раиса Васильевна мен Мендебаева Балкия Құнанбайқызы өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.







