2 қыркүйек күні музейдің көрме залында Білім күніне арналған «Мен бәрін білгім келеді» интеллектуалдық квест ойыны өтті. Балалар логикалық тапсырмаларды орындауға, сөзжұмбақтарды шешуге, математикалық есептер шығаруға, викториналық сұрақтарға жауап табуға белсене қатысты. Квест ойыны қызу жағдайда өтіп, әр қатысушы өзінің ақыл-ой қабілеттері мен тапқырлығын көрсетті.
.jpg)









