Жыл сайын 18 мамырда әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұражай қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Халықаралық мұражай күнін атап өтеді.
Бұл күні Қарабалық ауылындағы өңірлік тарихты ғылыми- зерттеу қамтамасыз ету бөлімі «Мұражай түні-2023» интерактивті жобасын дайындады. Шараға облыстық «Шабыт» мәдениет үйінің «Жұлдыз» хореографиялық тобының өкілдері қатысты. Қонақтар үшін ойын-сауық бағдарламасы дайындалды: квесттер, ойындар, фотоаймақ. Жергілікті қолөнер шебері А.Чеховтың жұмысы мен С.Қожамқұлов атындағы балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Чехова Маринаның көрмелері ашылды.