Ұлттық домбыра күні қарсаңында Қостанай қаласы Қарабалық кентінің өлкетану ғылымын зерттеумен қамтамасыз ету бөлімі Қарабалық аудандық кітапханасымен бірлесе отырып «Жасыл ел» жазғы еңбек десантының шақыруымен «Қазағымның қазынасы – домбыра» тақырыбында дәріс өткізді. Көрмеге Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы бөлімінің қорындағы музыкалық аспаптар ұсынылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының азаматтары – халық музыкасының бастауы, ұлттық аспаптың қазақ халқының өміріндегі рөлі мен маңызы туралы рухани ағарту. Мерекелік шара «Шабыт» аудандық мәдениет үйінің қызметкері Қаныбек Әлидің орындауындағы сазды нөмірлерге ұласты.