2025 жылдың 16 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында «Фарфор хайуанаттар бағы»- атты көрме ашылды.
Көрмеде музейдің қор коллекциясынан және қала тұрғындары Т.Л. Иванова, А.В. Колбина, А.В. Андрющенко, Г.А.Саталкина, Б.С. Танабаеваның жеке зооморфтық мүсіншелері ұсынылған. Олардың барлығы біркелкі емес. Біразы қарындаш салатын құрал, тұз салатын ыдыс, құмыра ретінде пайдаланылады. Басқалары сәндік үшін қолданылады. Енді бірі жануарлардың нақты бір түрінің дәл көшірмесі, екінші бірі символдық мәндегі оңай танылатын бейнелер, тағы бірі достық шарждар немесе гротескілік бейнелер. Жануарлардың нақты болуы міндетті емес, шеберлердің қиялынан мифологиялық бейнелер де туындаған.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.
<img src="https://karabalyk.kraeved-kst.kz/images/16.05.2025/7/1.JPG">
<img src="https://karabalyk.kraeved-kst.kz/images/16.05.2025/7/2.JPG">
<img src="https://karabalyk.kraeved-kst.kz/images/16.05.2025/7/3.JPG">